$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2023, 15:32
Қоғам

ҰБТ-да ереже бұзатындар саны соңғы төрт жылда 400 есеге азайған

Руслан Емелбаев шпаргалка көмегіне жүгінетін талапкерлер әлі де кездесетінін айтты

ҰБТ-да ереже бұзатындар саны соңғы төрт жылда 400 есеге азайған
Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биылғы ҰБТ басталған бес апта ішінде заң бұзған бірнеше дерек тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы – 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни, көрсеткіш 400 есеге азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді», - деп атап өтті Р. Емелбаев.

Оның айтуынша, дегенмен, «сақтықта қорлық жоқ» деп шпаргалка көмегіне жүгінетін талапкерлер әлі де бар.

«Мысалы, ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша ең креативтілері осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдау мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Айта кетсем, тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады», - деді Ұлттық тестілеу орталығынң басшысы.

Айта кетерлігі, өткен жылы постмониторинг нәтижесінде 200-ден астам адамның нәтижесін жойылған, оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады.

«Негізгі 2023 жылғы ҰБТ-ның мәре сызығына 2 апта қалды. Тағы бір мәрте талапкерлерді академиялық адалдық принциптерін сақтауға шақырамын. Жетістікке жетудің басты шарты білімді болу екенін ұмытпаңыздар», - деп ескертті Р. Емелбаев.

Серіктес жаңалықтары