ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Түркістанда ТЖ кезінде той жасаған адам заң алдында жауап беретін болды - полиция

Әлеуметтік желілерде үй ауласында той өтіп жатқан бейнежазба пайда болған еді

Фото: ашық дереккөзден

Полицейлер елде жарияланған төтенше жағдай кезінде той өткізгені үшін түркістандық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Әлеуметтік желілерде үй ауласында бір топ ағайынның қатысуымен той өтіп жатқан бейнежазба пайда болды. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарып, ол тойдың 16 наурыз күні түн ішінде Түркістан қаласында болғанын анықтады. Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесі – жергілікті тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды», - деп жазылған ақпаратта.

Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Облыс полицейлері тұрғындарға төтенше жағдай кезінде той-жиындарды, бас қосуларды ұйымдастырмай, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажет екенін айтады.