17.03.2020, 22:19
Қоғам
Алматыда карантин кезінде балабақшалар жабылады
Алматыдағы эпидемияға қарсы шаралардың толық тізімі жақын арада жарияланады
Фото: ашық дереккөзден
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға жасаған үндеуі кезінде Алматыда 19 наурызда басталатын карантин кезінде балабақшалар жабылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Карантин кезеңінде балабақшалар, азық-түлікке жатпайтын сауда базарлары, ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Оларда орналасқан азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын объектілер ғана жұмыс істейді», - деді Алматы әкімі.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың толық тізімі жақын арада қала әкімдігінің барлық ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
