18.06.2023, 16:09
Қоғам
Банктің баспасөз қызметі: Бөлімшеде тек қызметкерлер бар, клиенттер жоқ
Банк тарапынан оқыс жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасалды
Қаржы ұйымы оқыс жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Банктің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қазіргі уақытта бөлімшеде банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.
Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
