Банк бөлімшесіндегі жағдай: Қаскөй қаржы ұйымының активтерін мұқтаждарға аударуды талап етуде

Azattyq Rýhy

Ол 7 қыз және 1 күзетшіні кепілде ұстап отыр

Банк бөлімшесіндегі жағдай: Қаскөй қаржы ұйымының активтерін мұқтаждарға аударуды талап етуде
Фото: kaz.zakon.kz

Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол банктің барлық активтерін мұқтаждарға аударуды талап етіп отыр екен. Талаптары орындалмайтын болса, үш сағаттан кейін адамдарды өлтіремін деп қорқытуда. Кепілге алынған 7 қыз және 1 күзетші бар.

Қазіргі уақытта ғимарат қоршалған, арнайы күштер жұмыс істеп жатыр.

«Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрап отыр», деді құқық қорғау органдары.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Керуен» СОО жанында бәрі қоршалған деген ақпарат пайда болған еді. Сол жағалаудағы банк бөлімшелерінің біріне қарулы ер адам басып кірген. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.