18.06.2023, 15:16
Қоғам
Астанадағы банк ғимаратында қаруы бар ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отыр
Ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған
Фото: kaz.zakon.kz
Астанадағы банк ғимаратында қаруы бар ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.
Полиция департаменті таратқан және әлеуметтік желілердегі фото, видеолардан бұл аумақ қоршауға алынып, адамдардың өтуіне тыйым салынғанын көруге болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы