$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2023, 05:48
Қоғам

Қорғас арқылы шекарадан 1 айда 360 мыңнан астам адам өткен

Халықаралық орталықтың көрші елдегі бөлігіне күніне 12 мыңға жуық адам кіреді

Қорғас арқылы шекарадан 1 айда 360 мыңнан астам адам өткен
Фото ашық дереккөзден

3 жылдан кейін қайта ашылған Қорғас арқылы шекарадан 1 айда 360 мыңнан астам адам өткен. Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы Бас консулы журналистермен өткен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, халықаралық орталықтың көрші елдегі бөлігіне күніне 12 мыңға жуық адам кіреді. Айта кетсек, қазақстандықтар Қорғасқа жеке куәлікпен немесе төлқұжатпен өте алады.

«Қорғас» халықаралық орталығы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс дамып жатыр. Алдағы уақытта келушілер саны бұдан да көп болатыны хақ. Қазірдің өзінде күніне 12 мыңға жуық адам келіп жүр. Ынтымақтастық орталығы бажсыз сауданы, оффшорлық қаржыландыру мен туризмді, сондай-ақ көрмелерді дамытуға күш салды. Қорғастың Қытай бөлігінде бүгінде 35 жаңа жоба әзірленіп, соның 15-і іске асырылған», – деді Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй.

Бұдан былай қазақстандықтар 1 айда 31 келіден артық тауар алып кете алмайды. Заттардың жалпы құны мың еуродан аспауы керек. Сатып алушылар автобусқа өзімен 5 келі жүк қана алып кіреді. Ал қалғанын әуежайдағыдай жүк тасымалдау пунктіне тапсыруға міндетті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қорғас #шекара