$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2023, 21:32
Қоғам

Атырауда құрбысының 45 млн теңгесін иелену үшін полицияға өтірік шағымданған әйел ұсталды

Ұрланған ақша құрбысына сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты

Атырауда құрбысының 45 млн теңгесін иелену үшін полицияға өтірік шағымданған әйел ұсталды
Фото: inform.kz

Атырауда тәртіп сақшылары құрбысының 45 млн теңгесін алдау жолымен иемденбек болған күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

7 маусымда күндіз полицияға ақша айырбастау орнынан шыққан 1980 жылғы әйел адам өзінің тоналғанын, яғни 45 млн теңгесі қолды болғанын хабарлаған. Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арыз түсірушінің ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады.

Анықталған екі күдікті оның таныстары болып шықты, олар өзі кінәсін толығымен мойындады.

Ұрланған ақша құрбысына сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты.

ҚР ҚК-ның 190-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары