$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2023, 22:34
Қоғам

Алматы мен Ыстықкөл арасына жаңа жол салынады: қашықтық 5 есе қысқармақ

Жаңа бағыттағы бір сапардың бағасы 2500 теңге деп белгіленген

Алматы мен Ыстықкөл арасына жаңа жол салынады: қашықтық 5 есе қысқармақ
Фото: kolesa.kz

Сочиде Еуразиялық даму банкінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Еуразиялық конгрес’23 барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов Алматы мен Ыстықкөл арасын жалғайтын жаңа жол құрылысы басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

«Қазір Қазақстан мен Қырғызстан Алматы мен Ыстықкөл арасында балама жол салу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Азия Даму Банкінің консультанттары жобаға заңдық, техникалық және қаржылық скрининг жасады. Егер жоба жүзеге асатын болса, онда Алматыдан Ыстықкөл өзеніне дейінгі жол 85 км-ге жуық қашықтықты құрайды. Қазіргі қашықтық – 460 км. Шамамен жоба құны 160 млн доллардан асып отыр. Ал туннель салу шығынын қоса есептесе 600 млн доллардан асып кетеді. Бірнеше елдің ресурсын біріктіре отырып трансшекаралық МЖӘ жобаларды жүзеге асыру жаңа өсім нүктесін табуға ынталандырады»,-дейді ол.

Оның сөзінше, жобаның жүзеге асуы Қазақстан азаматтары үшін үлкен тиімділік алып келмек: Ел тұрғындары әуелі жанар-жағармай мен уақытын үнемдейді және бұрынғыдай ұзақ жүріп көліктерін де шаршатпайтын болады.

Жаңа бағыттағы бір сапардың бағасы 2500 теңге деп белгіленген. Бірақ көлік түріне байланысты құн өзгеруі мүмкін. Жолдың негізгі бөлігіндегі жылдамдық – сағатына 150 км деп белгіленсе, таулы аймақтарда сағатына 30 км-ден асыруға болмайды.

Самат Сағындықовтың сөзінше, елімізде бүгінге дейін жалпы құны 5 млрд долларға жуықтайтын мыңнан астам МЖӘ келісімдері жасалды.

Серіктес жаңалықтары