$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2023, 18:09
Қоғам

Ташкентте жеңімпаз атанған боксшыларға Астанадан пәтер кілттері табыс етілді

Ташкентте ерлер арасында бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді

Ташкентте жеңімпаз атанған боксшыларға Астанадан пәтер кілттері табыс етілді
Фото: inform.kz

Өзбекстан астанасында өткен бокстан әлем чемпионатында «алтын» алған спортшыларға пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жазды.

«Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай чемпион атанды. Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық», деді қала басшысы.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатқанын айтып, боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Ташкентте ерлер арасында бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Серіктес жаңалықтары