Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Қазақстанда футбол матчтары көрерменсіз өтеді

БАҚ өкілдері де қатыса алмайды

футбол: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты футбол, футзал, әйелдер футболы, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық футбол, ардагерлер арасында жарыстарды, сонымен қатар, білім беру семинарлары мен әртүрлі форумдарды өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады.

«Премьер-лига командалары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты мен ҚР кубогының ойындары күнтізбеге сәйкес өтеді. Алайда, жанкүйерлер үшін стадиондардың есігі жабық болады. OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты мен ҚР кубогының ойындарына жарысқа қатысушылармен қатар, ресми тұлғалар мен стадион қызметкерлері қатысады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ матчтарға БАҚ өкілдері де қатыспайды. Тек көрсетілім жұмыстарымен айналысатын арнайы топ жұмыс істейді.