$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2020, 09:54
Қоғам

Коронавируc: сақтандырушылар қаңтар айында 8 миллиард теңгеге жуық сыйақы жинады

Бұл жыл басы үшін рекордтық көрсеткіш

Коронавируc: сақтандырушылар қаңтар айында 8 миллиард теңгеге жуық сыйақы жинады

Аурудан ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі қаңтар айында 7,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ranking.kz.

Сегментте жиналған сыйақы көлемі бойынша сақтандыру компанияларының арасында 2,6 млрд теңгемен «ИНТЕРТИЧ» сақтандыру компаниясы көш бастап тұр. Оның көрсеткіші былтырға қарағанда 20,8% артық. «Халық» СК Халық банкінің еншілес ұйымы: 1,3 млрд теңге — оның көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 36,6% кем.

«Олар сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша да алда келеді: бірінші орында «Халық» СК (556,9 млн теңге, -3,2%), екінші орында — «ИНТЕРТИЧ» СК (515,9 млн теңге, -34,9%)», - делінген ақпаратта.

Әлем бойынша СOVID-19 коронавирустық инфекциясы былтырғы желтоқсан айынан бері тарай бастады. Johns Hopkins University CSSE деректеріне сәйкес, 11 наурызда COVID-19 вирусын 121,5 мыңнан астам адам жұқтырды, оның ішінде ең көбі Қытайда, ал Италияда —  10,1 мың, Иранда 9 мың адам ауырған. Шамамен 4,4 мың адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың ең көбі Қытайда (3 мың), Италияда (631) және Иранда (354) тіркеліп отыр.

Оқи отырыңыз: 23,6 млрд теңге: Қазақстанда өмірін сақтандыратындар саны бір жылда 57,4% өскен

2019 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда  тұмау, ӨРВ және пневмония сияқты тыныс алу органдарының ауруларынан 4,2 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8-ге артық. Барлық өлімдердің үлесі бір жылда 2,8%-дан 3,1%-ға дейін өсті. Ас қорыту органдары ауруларынан болатын өлім-жітім (11,9 мың адамға дейін), инфекциялық және паразиттік аурулардан 0,9%-ға (1,4 мың адамға дейін) өсім көрсетті.

Серіктес жаңалықтары