12.03.2020, 05:39
Қоғам
Уағыз жүргізген ақтөбелік әйелге айыппұл салынды
Полиция тұрғындарға ескерту жасады
Көрнекі фото
55 жастағы ақтөбелік әйел пәтерді жалға алып, онда тиісті тіркеусіз уағыз жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен уағызшы келіншекке 265 мың теңге айыппұл салынған.Басқа жағдайда 30 жастағы ер адамнан діни сипаттағы тыйым салынған әдебиеттер алынып, оған да 176 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Осындай заңсыз әрекеттердің көбеюіне байланысты полиция тұрғындарға ескерту жасауға мәжбүр.
«Әлеуметтік желілерде діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейне жазбаларды сақтап, тарататын фактілер бар, бұл үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген»,-делінген хабарламада.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды