Өскеменде өзіне қол жұмсамақ болған әйел құтқарылды
Өскемен қаласында тоғызыншы қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 9 қабатында әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат cілетеме жасап.
«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері балкон терезесінен аяғын төменге салбыратып отырған әйелді көреді. Дереу балкон астына «өмір кубы» деп аталатын жұмсақ қорғаныш құралын орнатты», - делінген ақпаратта.
Сол уақытта құтқарушылардың басқа бір бөлігі автосаты арқылы көтеріліп, әйелді ұстап алды да ішке кіргізді.
Департаменттің жедел құтқару жасағының психологы 34 жастағы әйелмен сөйлесіп көрді. Оның суицид жасауға ниеттенуіне күйеуімен арада болған жанжал себеп болған.