$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2023, 07:10
Қоғам

Көкшетауда екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Көкшетауда болған жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті

Көкшетауда екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Toyota Camry-50 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сілтеме жасап.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі “орта” дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Салдарынан Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары