$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2023, 11:40
Қоғам

Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Кәсіпкерді қорқытып-үркітіп ақша бопсалағандар Жаркент қаласында ұсталған

Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бизнесменнен ақша талап еткен күдіктілерді арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz сілтеме жасап.

Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.

«Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысы, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Серіктес жаңалықтары