23.04.2023, 11:10
Қоғам
Жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған жігіт 700 мың теңге айыппұл арқалаған
Орал қаласында жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған 21 жастағы ер адам ұсталды
Ол жол ережесін бұзғанымен қоймай, полицейлер ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, қашып кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ Telegram каналына сілтеме жасап.
«Lada Kalina жүргізушінің жол қауіпсіздік ережесін бұзуы БҚО ПД ЖБО қызметкерлерінің назарына түскен. Ұсталған кезде жігіт бой бермей, жасырынуға тырысып, қарсылық көрсетті», - деді полиция қызметкерлері.
Белгілі болғандай, жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған. Сонымен қатар, жол ережелерін бұзғаны үшін осы уақытқа дейін жалпы сомасы шамамен 700 мың теңге айыппұл жиналып қалған.
«Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды», - деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
