$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда су құбырында ірі апат болды

Алматының Түрксіб ауданында су құбыры жарылды

Алматыда су құбырында ірі апат болды

Алматының Түрксіб ауданында су құбыры жарылды. Үлкен апаттың кесірінен  Рысқұлов даңғылының кейбір аумағы жабылып қалды. деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Апатты жоюға бірден 16 арнайы техника жұмылдырылған. Автокөліктер жүретін Рысқұлов даңғылының Герцен көшесімен қиылысу аумағындағы екі жолақ уақытша жабылды.

Осыған байланысты, төменде көрсетілген көшелерде орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:

Сүйінбай-Баянауыл;

Шемякин-Хмельницкий;- Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев;

Айша бибі, Атырау, Шуақты шағын аудандары.

Аталған мекенжайлар мен шағын аудандардың тұрғындарына ауыз су  автоцистерналармен жеткізіліп жатыр. Жалпы қаладағы ауыз су желілерінің жартысынан көбінің тозығы жетіпті.

Апаттық бригадалар Герцен көшесі бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген екен.

«Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес, сонымен қатар объектілер жабдықтарының да айтарлықтай тозығы жеткен. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 км құрайды, оның ішінде 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді (Жалпы желілердің  55,8 пайызы). Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!»,  - деді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары