$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 12:20
Қоғам

Департамент басшысы мұғалімдерге сыйлық жасау бойынша ескерту жасады

Елордалық мектептердің біріндегі мұғалімдерге 8 наурыз мерекесіне орай заңсыз ақша жиналған

Департамент басшысы мұғалімдерге сыйлық жасау бойынша  ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Елорда мектебінде жемқорлық фактісі анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мәлім етті, деп хабарлайды elorda.info сайты.

«Сыбайлас жемқорлық қызметінің Call орталығының жұмысын атап өткім келеді. Азаматтар 1424 номері арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады. Осы номерге түсетін барлық хабарламалар бойынша міндетті түрде тиісті шаралар жүргізіледі. Мысалы, жақында ғана елорданың №68 мектебінде заңсыз ақша жинау туралы ақпарат түсті», - деді Жылқышиева.

Оның айтуынша, дереккөз мәліметі бойынша, ата-аналар комитеті 8 наурыз мерекесіне мұғалімдерге сыйлыққа және қуыршақ театрына билеттерге ақша жинаумен айналысқан. Бұл жағдайда оқушылардың тілегі ескерілмеген.

«Аталған ақпарат бойынша білім басқармасымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Оның нәтижесінде мектеп басшылығы шаралар қабылдады. Ақша жинау тоқтатылды. Алдағы мерекелер қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне қандай да бір материалдық құндылықтар сыйлауға болмайтынын еске салғым келеді», - деді Жылқышиева.

Заң бойынша лауазымды тұлғаға бағасы 2 айлық есептік көрсеткіштен (5302 теңге) аз тұратын сыйлық бергені үшін 200 АЕК (530 200 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бағасы 2 АЕК-тен асатын сыйлық үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Ал мемлекеттік қызметкер сыйлық алса, оған 600 АЕК (1 млн 590 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары