$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 12:00
Қоғам

Ұлттық банк жүргізген сауалнама бойынша халықтың 44% кредит жоқ

Әрбір бесінші қазақстандық 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейін табыс табады

Ұлттық банк жүргізген сауалнама бойынша халықтың 44% кредит жоқ

Қаңтар айындағы деректерге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 32%  тұтынушылық несие алып, 17%  шұғыл қажеттіліктерге, соның ішінде үйлену тойларына, саяхаттарға және емделуге, 6%  ипотекалық несие, 4%  автокөлік сатып алуға және 3%  микроқаржы ұйымдарынан қарыз алды, деп хабарлайды lsm.kz.

Респонденттердің басым бөлігі (44%) тұтынушылық несиесі  жоғын айтқан.

«Несиелер бойынша төлем 16%  үшін 10-20 мың теңгені, 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін, 40 мыңнан 50 мың теңгеге дейін және 100 мың теңгеден астам борыш респонденттердің 12% тиесілі. 5 мың теңгеге дейін және 80 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін төлемді қазақстандықтардың тек 2% ғана төлейді», - деп жазады портал.

Сондай-ақ, респонденттер өз жинақтарын қандай активтерде сақтайтынын айтты.

«Жартысынан көбі (64%) депозитті, 18% қолма - қол ақша, 10% – жылжымайтын мүлік, 9%  жауап беруге қиналды, ал бағалы қағаздар мен өндіріске тек 2% ғана салады. Қаражаттың 74%  теңгемен, 24% - ы доллармен сақталады»,- деп жауап қатқан сауалнамаға қатысқандар.

Ай сайынғы табыс сомасына келетін болсақ, 23% – 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, 21% – 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, 19% – 40 мыңнан 70 мың теңгеге дейін алады. Сонымен қатар респонденттердің 6% – 40 мың теңгеге дейін және 300 мың теңгеден астам - 6% алады. Кіріс көзі 73% - жалақы, 34% – мемлекеттік жәрдемақы, 14% – басқа кіріс көздері бар, ал 4% – алименттер мен туыстарының көмегі.

Тұрғындар арасында сауалнама 1,5 мың респондент қатысатын телефондық сұхбат арқылы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары