ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Қазақстанға соңғы 14 күнде келген 27 адам медициналық бақылауда қалды - ДСМ

Халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында 32 456 адам тексерілді

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 1 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздеҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді.

«6 қаңтар - 28 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды қарап-тексерді. Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 980 қамтылды, мониторингтен 24 432 алынды, соңғы 14 күнде келген 27 адам медициналық бақылауда қалды», - деп жазылған хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 1 науырызда температурасы мен ЖРВИ белгілерімен 165 адам емдеуге жатқызылып, оның барлығы шығарылды.

«Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады», - дейді министрлік өкілдері.