Астаналық психологтар Қордай ауданында зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Қордай ауданында он психолог 5 күн жұмыс істейді  

Астаналық психологтар Қордай ауданында зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Нұр-Сұлтан қаласының отбасылық тәрбие институтының он психологының  қатысуымен  Қордай мен Масаншыда кездесулер ұйымдастырылады. Іс-шара  2-7 наурыз аралығында жоспарланған.

Психологтар ауыл мектептеріне барып, Қордай ауданының 600-ге жуық мұғалімдеріне ұлтаралық отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары мен әдістері туралы білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мамандар күйзеліске  ұшыраған балаларды қалпына келтіруге арналған жеке сабақтар өткізеді.

«Ондаған адамның өмірін қиған осындай қайғылы оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмайды. Отбасылық тәрбие институтының атынан біз зардап шеккендерге және олардың балаларына мүмкіндігінше тезірек қалпына келуіне көмектескіміз келеді. Біз балаларды сауықтыру, жаттығу және ата-аналарды қолдауға жан-жақты көмек көрсетуге тырысамыз», - деді  отбасылық тәрбие институтының бас директоры  Софья Евдокимова.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.