28.02.2020, 15:32
Қоғам
Жыл басынан бері МӘМС-ке 64,3 млрд теңге түскен
Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап жалақысынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударып жатыр
2017-2019 жылдар аралығында МӘМС қорында 247 млрд теңге жиналса, биыл 2 айда аударымдар мен жарналар сомасы 64,3 млрд теңгені құраған. Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлер үшін 13,3 млрд теңге, дербес төлеушілер 2,5 млрд теңге төледі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін мемлекет те бюджеттен МӘМС-ке 48,5 млрд теңге аударғанын айтты. Ол ақшаға 15 санат бойынша жеңілдікке ие 10 млн адам тегін емделеді.
«Жалпы, бұған дейін әр адамға арналған медициналық қызмет көрсету шығыны 55 мың теңге болатын, МӘМС арқасында 2020 жылы бұл сома 84 мың теңгеге жетті», - деді министр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды