$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 09:17
Қоғам

Бақауовты үй қамаққа шығарудың себебі не?

Сот қамауда отырған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың үй қамаққа шығу себебін түсіндірді

Бақауовты үй қамаққа шығарудың себебі не?
Фото: ашық дереккөзден

Болат Бақауов денсаулығының нашарлауына байланысты үй қамаққа босатылды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 153-бабына сәйкес, Бақауов тергеуге ықпал ете алатындай құжаттарға қолжетімділігі болмағандықтан және оның денсаулық жағдайына байланысты қамауда ұстау түрі үйқамаққа ауыстырылды. Қазіргі кезде ол қылмыстық іске қатысты тергеудің шынайы жүргізілуіне кедергі келтіре алмайды. Қамауда болуына байланысты денсаулығы күрт нашарлаған», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Бақауовқа сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілген кезде ғана үйден шығуға, телефон арқылы сөйлесуге, байланыс құралын пайдалануға және өзімен бірге тұратын адамдардан басқа қонақтарды қабылдауға да тыйым салынған.

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, Бақауовтың үйіне бақылау камерасы орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша  жедел тергеу шараларын жүргізді. 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты мәлімдеме жасап, экс-әкімді екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Серіктес жаңалықтары