ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Алматыдағы ТЭЦ-2 кешенін жаңғыртудың төрт нұсқасы ұсынылды

Алматыдағы экологиялық жағдайды шынайы бағалау үшін экология мәселелері бойынша тұрақты комитет құрылды.

Оның құрамына билік өкілдерімен бөлек эко-белсенділер кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Қоғамдық ұйымға Абай Ерекенов, Әсия Төлесова, Ажар Жандосова, Әсет Наурызбаев,  Салтанат Тәшімова, Мэлс Елеусізов мүше болып тіркелді.  

Демалыс күндері экологиялық мәселерді көтеріп жүрген белсенділерден тыс Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары қатысқан қоғамдық тыңдау өтті.  Оған «Самұрық Энерго» компаниясының басқарушы директоры Серік Түтебаев қатысты. Ол  ЖЭО-2 кешенін бұрын бірнеше жыл басқарған.  

Еркін пікір алмасу барысында ТЭЦ-2 жобалаушылары төрт жоба ұсынды. Олар жаңа сүзгіш орнату, станцияны қайта жаңғырту, Электр-жылу станциясын күреп тастап қайта салу және газға көшіру. Бұған дейін  ЖЭО-2 бойынша ТЭН әзірлемесінің басталғанын жазған болатынбыз. Экология министрдің айтуынша экологиялық таза отынға ауыстырудың техникалық-экономикалық жобасы 2020 жылы сәуір айында аяқталады.

Оқи отырыңыз: Министр Алматыдағы ТЭЦ-2 тағдыры сәуір айында шешілетінін айтты

Қатысушылар бұл төрт нұқсаның қайсысы жүзеге асса да, тұтынушы үшін тарифтің өсетінін болжайды. Себебі жоғарыда аталған 4 жобаның да құны өте қымбат.

«Қазандықтарды газға көшіру үшін 25-30 млрд теңге, шыққан қалдықтарды зиянды заттардан тазартатын құрылғы орнату 99 млрд теңге, газтурбиналық қондырғылар орнату арқылы, су ысытудың қуатын арттыратын жобаға 205 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Ал төртінші нұсқа парогаздық қондырғы орнатуға 560 млрд теңге қаражат қажет болады»,- дейді жобалаушылар.  

ЖЭО-2 мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау енді тұрақты түрде өтіп тұрмақ. Арнайы құрылған комитетке Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов төрағалық етеді. Эко-белсенділер қатарынан оның тең төрағасы ретінде бір адам ұсынылды. Комитеттің екінші отырысы алдағы жұмада жалғасады.  

Алматыдағы ЖЭО-2  көмірмен және мазутпен жұмыс істейді. Қаланы жылумен және электр энергиясмен қамтамасыз ететін орталық 1989 жылы пайдаланылуға берілген. Жылу электр орталығы күн сайын 120 вагон көмір тұтынады. Кешен жылына Екібастұздың 3 млн тонна көмірін жағып тастайды. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы