$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мектеп кез келген сәтте қирауы мүмкін»: Жаңаөзенде балалар оқып жатқан мектептің жағдайы жұртты шошытты

Әкімдік болса жағдай қанағаттанарлық деген жауап қайтарды

«Мектеп кез келген сәтте қирауы мүмкін»: Жаңаөзенде балалар оқып жатқан мектептің жағдайы жұртты шошытты

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы мектептердің бірі қирау алдында тұр. Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеп, ғимараттың мүшкіл күйін өзінің Instagram-парақшасында көрсетті.

Сәрсенбаев жариялаған видеода мектептің жертөлесіндегі едені опырылғанын, бағаналары шатырдан ажырап қалғанын анық көруге болады. қазіргі таңда мұнда 3 мың бала білім алып жатыр екен.

«Мектеп көз алдымызда қирап жатыр, тірек құралдары босап кеткен, оқу ордасы кез-келген сәтте қирауы мүмкін және осындай жағдайда мектеп директорының қайда қарап отырғанын түсінбеймін, неге білім бөліміне мектептің жағдайы туралы айтылмаған? Қала әкімі қайда қарап жүр?», - дейді блогер.

Аталған мәселеге қатысты жергілікті білім бөлімі түсініктеме берді. Белгілі болғандай, 1200 орынға арналған мектептің пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан екен.

«2022 жылы нөсер жауын кезінде жертөлені су шайып кеткен. Оны арылту бойынша шұғыл жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта мектеп жертөлесінде қайта құрылыс-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесі бойынша шаралар қабылданады. Мектептің тірек конструкциялық элементтері қанағаттанарлық жай-күйде болуына байланысты мектеп қызметкерлері мен оқушылардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.

Бірақ, видеокадрларды қарап Білім бөлімінің берген жауабына күмәнмен қарауға тура келеді. Жертөле мен бірінші қабат арасындағы тірек бағандар ешнәрсені тіреп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары