$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2020, 19:25
Қоғам

Бақытбек Смағұл әскерге бармайтын қордайлық дүнгендер жайлы (ВИДЕО)

«Олар да басқа ел азаматтары сияқты әскери борышын міндетті түрде өтеуі керек» дейді депутат

Мәжіліс депутаты, Қордайдағы оқиға бойынша құрылған үкіметтік комиссия мүшесі Бақытбек Смағұл кеше Қордайдағы қақтығыстың 10 себебін атап, мәлімдеме жасады. Соның бірі – дүнген ұлты өкілдерінің әскерге барудан бас тартуы.

«Дүнген жігіттерінің бірде-біреуі Қазақстанның Қарулы күштеріне бармайды, әскери борышын өтемейді. Наным-сенімі солай. Осыған орай құқық қорғау органдарына нақты талап қойдық: егер сол жігіттері ерігіп, есіріп, өзгеге қол көтерсе, басынса, құқық пен тәртіпке қарсы әрекет қылса, қатаң жазалау керек. Қолы артына қайырылып, кісен салынып, түрмеге тоғытылсын. Елге қорған болмай, қорлаушы болса, торда отырсын», - деп жазды ол.

Мәжіліс депутатының мәлімдемесі халық арасында кең тарап, түрлі пікір туғызды. Осы ретте Azattyq Rýhy редакциясы депутаттың өзімен әңгімелесіп, Қордай қақтығысына әсер еткен негізгі факторлар жайлы тағы да сұрап көрді.

Серіктес жаңалықтары