Тоқаев Қордайдағы жанжалға байланысты ҚХА төрағасының орынбасарына тапсырма берді
Қордайдағы дүнген қауымының қазақ тілін үйренуіне баса мән берілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдап, үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
«Президент елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді», - делінген хабарламада.