ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 907 адамнан коронавирус анықталды

«Павлодарэнергосбыт» қақаған қыста тұрғындардарды дірдектетіп қойған

Монополист мекемеге  8 миллион теңге айыппұл салынды

Жылу тарату маусымы басталғаннан бері жылудың төмен параметрлері 21 мекен-жайда тіркелді. Сондай-ақ, тұтынушыларға жарты миллион теңгеге қайта есептеу жүргізілді деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне сілтеме жасап.

Департаментке жылуға қатысты пәтер иелері кооперативі мен қызмет көрсетуші компаниялардан 7 шағым  келіп түскен.

«5 мекен-жай бойынша факт расталды. Сондықтан, әкімшілік іс қозғалып, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-не 8 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш өтініш бойынша 503 мың теңгеге қайта есептеу жүргізілді. Одан бөлек,  «Павлодарэнергосбытке» тұтынушыларға сапасыз көрсетілген қызметі үшін қайта есептеу жасауға үшін ұйғарым енгізілді», - деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Бірақ департамент жылу температурасының төмендігіне монополистерді кінәлай берудің қажеті жоқтығын айтады.

«Егер пәтер суық болса, бұл табиғи монополия субъектісінің кінәсі емес. Оның   себептері ішкі жүйелерде немесе пәтердің өзінде болуы мүмкін. Тіпті, кейбір тұрғындар үйдегі құбырларды тазартпайды», - дейді табиғи монополияларды реттеу департаменті.

 

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат