Ақтөбеде мектеп асханаларынан ішек таяқшалары табылды
Бүгінде жауапты адамдарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Ақтөбеде мектеп асханаларынан ішек таяқшалары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, мамандар өңірдегі 166 білім беру мекемесінің асханасынан сынама алып, бірқатар кемшілікті анықтаған. Асханаларда желдету жүйелері де дұрыс жұмыс істемейді. Тіпті, кей мектепте тағам бекітілген ас мәзіріне сай әзірленбеген. Ондаған тамақ өнімінен ішек таяқшасының бактериялары табылды.
«Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жауапты адамдарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 44 ұйғарым берілді, оның қазіргі таңда 41-і орындалып, үшеуі бақылауға алынды», – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.