ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Бір миллион теңгенің мүшеқабы өртеледі – Әділет басқармасы

Мүшеқап шығаратын компания өкілдері тәркіленген өнімдердің «фейк» екенін растаған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық әділет департаменті контрафактілік тауарлардың үлкен партиясын жоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy тілшісі. Арнайы жүргізілген тексерістер барысында Durex, Contex, Gusarsky сынды бренд атауларымен танымал болған 14,5 мың мүшеқап тәркіленген. Алайда, аталған сауда маркаларының атын жамылып айналымға шығарылған мүшеқаптардың бәрі сапасыз, «фейк» өнім болып шыққан. Департамент өкілдері сапасыз мүшеқаптарды Қапшағай қаласының маңындағы Арна ауылына апарып өртемек.

«Тексеру шараларының нәтижелері бойынша, Алматы қаласында жалпы сомасы 993 470 теңгенің мүшеқабы заңсыз айналымнан алынды. Сапасыз өнімнің саны 14 мың 511 дана.  Жалған өнімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жойылады», - делінген Әділет департаментінің таратқан хабарламасында.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы