ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда теракт жасамақ болған радикалдар ұсталды - ҰҚК

Олар адамдар көп шоғырланатын жерлерде террорлық актілер жасау мақсатында құрылған

фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында деструктивті діни ағым жетегінде жүрген 5 адамды терроризм күдігі бойынша ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды. Ұсталған азаматтардың барлығы бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.

«Оларға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.