$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 17:15
Қоғам

Мұғалімдер енді жалақысын өздері есептей алады

Білім министрлігінің алқа отырысында вице-министр Бибігүл Асылова Favorit атты жаңа жобаны таныстырды

Мұғалімдер енді жалақысын өздері есептей алады

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, мұғалімдер енді онлайн түрде осы сайт арқылы барлық үстемеақыларды қосқанда, қанша жалақы алатынын есептеп, келіспесе, бухалтериямен дауласа алады.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қаржымен қамтылған. Оны жүзеге асыру үшін бекітілген үш жылдық бюджеттен 2,4 трлн теңге көзделген. Қазір отыздан астам нормативтік актілерге өгерістер енгелі жатыр. Сондай өзгерістердің алғашқысы – педагог қызметкерлерінің жалақысын өзгерту туралы  қаулы. Оны қабылдап, бекіттік.

Асхат Қанатұлы министр болып келгенде бізге ұстаздардың, педагогтардың жалақасын есептейтін калькулятор жасауды тапсырған болатын», - деді алқа мәжілісінде баяндама жасаған вице-министр. Министрдің тапсырмасы орындалып, it-мамандар министрлікке сондай сайт әзірлеп берген. «Енді кез келген педагог онлайн режимде өзінің жалақысын есептей алады. Маған педагогтарымыз айтқандай, енді ұстаздар есепшілерге тәуелді болмайды», - деді вице-министр.

Бибігүл Асылова түсіндіргендей, сайтқа кірген ұстаз өзінің жұмыс өтілін,  ғылыми дәрежесін, қазір атқарып жүрген қызметін, сабақ санын, сынып жетекшілігін және басқа да жұмысына  қатысты мәртебесін жазып, өзінің неше теңге жалақы алу керектігін көре алады.

«Өзінің категориясына, жұмыс өтіліне, қызметіне, қарап,  экологиялық апатты аймақта тұрғаны үшін, магистрант, тәлімгерлік үшін қандай үстемақы болатынын көріп, біле алады.

Жалпы, бұл калькуляторды жасаудағы идея – бізге 2020 жылдың қаңтарында ғана жалақыны есептейтін бөлімге елуден астам өтініш келіп түсті. Жергілікті жерлерде бәлкім маманның білместігінен, болмаса басқа да себептерге байланысты мұғалімдердің жалақысы дұрыс есептелмейді», - дейді Бибігүл Асылова.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

 

Серіктес жаңалықтары