$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 12:22
Қоғам

LRT жобасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Астанадағы LRT  жобасының құрылысына қатысты қылмыстық істің 10 фигуранты бар. Оның үшеуі – іздеуде

LRT жобасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің жетекшісі Сергей Перовтің айтуынша, күдіктілер қылмыстық іспен танысуды бастады.

«Қылмыстық тергеу аяқталды. Қылмыстық істің матерталдарымен танысу басталды. Тығылып жүрген күдіктілерді іздеу жұмыстары аяқталып жатыр. Келген залал мөлшері 5,7 млрд теңге», - дей отырып ол қылмыстық іс аяқталса да, залал мөлшері өгермегенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: LRT жобасы қай әкімнің тұсында қабылданды?

«Қашып жүргендердің арасында елге келгендер жоқ. Бұрын айтылғандай, қылмыстық істе 10 фигурант бар. Интерпол арқылы да, олар тығылуы мүмкін деген елдермен де жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Журналистер олар қай елде жасыруына мүмкін деген сұраққа «тергеу мүддесі үшін айта алмаймын» деп жауап берді Сергей Перов.

Оқи отырыңыз: Әйелінің инстаграмда отыратынын білмейміз – Олжас Бектенов Қанат Сұлтанбек туралы

Қылмыстық іске Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқарма жетекшілері, «Астана LRT» АҚ лауазымды адамдары мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері тартылып отыр. Сол кездегі әкімнің орынбасары болған Қанат Сұлтанбек пен тағы екі күдікті іздеуде жүр. Ең бастысы, Сергей Перовтің айтуынша, қылмыстық іспен танысқаннан кейін басталатын сот отырысы ашық өтеді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары