Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Өткен жылы 17,6 мыңнан астам қандас тарихи отанына оралды

Олардың дені Алматы мен Маңғыстау облыстарына қоныстанған  

Фото: ашық дереккөзден

2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды. Қандастардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркіменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Моңғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді. Бұл туралы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты.

Қандастардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

Келген қандастардың ішінде еңбекке жарамды жастағы адамдар 62,7% (11 082 адам), еңбекке қабілетті жастағылар 30,7% (5 420 адам), зейнеткерлер 6,6%-ды (1 159 адам) құрайды.

Еңбекке жарамды жастағы қандастардың 13,6%-ы жоғары білімді, 25,2%-ы орта арнаулы білімді, 46,7%-ы жалпы орта білімді, 14,5%-ның білімі жоқ.

2019 жылға Үкімет 2031 қандасты қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті, ол мынадай түрде бөлінді: Қостанай облысы бойынша – 815, Павлодар облысы бойынша – 550, Ақмола облысы бойынша – 306 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-250, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 110 адам.

Оқи отырыңыз: «Оралман» термині заң жүзінде «қандас» сөзіне ауыстырылады - министр

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген адамдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілді: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 313 256 отбасы немесе 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған болатын.