ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

«OLIMP.KZ» сайты жұмысын тоқтатқанмен, «OLIMP.COM» жұмыс істеп тұр

АҚШ-та тіркелген сайт салықты да Америкаға төлеп отыр

Olimp.kz және Olimp.com сайты. Дәл қазіргі сәт

Құқық қорғау органдары елдегі ең ірі «Олимп» букмекерлік кеңсесінің жұмысын алты айға тоқтатты. Алайда сарапшылар миллиондаған тұтынушысы бар «Олимп» толық жабылған жоқ деп есептейді. «Olimp.kz» сайты жұмысын тоқтатқанмен, дәл осы компанияға тиесілі «Olimp.com» сайты жабылмаған. 

Спорт шолушы Рауан Оқас тұтынушысы көп «Олимп» букмекерлік кеңсенің жабылуы бәс тігумен айналысатын өзге компаниялардың тасын өрге домалатады деп санайды. Ал заңгерлер мен тәуелсіз сарапшылар Қазақстан нарығындағы букмекерлік компаияны сақтау қалу үшін Жоғарғы сотқа шағынданбақ.

«Жалпы букмекерлік кеңсенің жабылуы өте жақсы жаңалық. Өйткені, осы тотализаторларға бәс тігіп жүргендердің көбі осы «Олимптің» тұтынуышлары еді. «Олимптің» баламасы өте көп. Ұсақ кеңселерді айтпағанынң өзінде «1xbet», «finbet», «tennisi» сынды ойын офистері бар. Кейбір букмекерлік кеңселердің сайттары дұрыс жолға қойылмаған, сол себепті адамдардың көбі осы Олимпке «байланып» қалған. Бірақ бұл ірі бәс тігу орталығын әлі толық жабылды деп айта алмаймын.  «Olimp.kz» сайты жұмысын тоқтатқанмен, «Olimp.com» сайты жабылған жоқ.. Яғни, бұрынғы бәс тігушілер ойынды осы сайт арқылы жалғастыра береді. Яғни «Олимп» жабылды деп қуануға әлі ерте», - деді Рауан Оқас. 

Букмекерлік салада қызмет көрсететін заңгер Бадри Шаинидзе «Олимп» әлі «өлген» жоқ деп санайды. Оның айтуынша, тұрғындар спорттық ұтыс үшін арнайы кеңселерге бармай-ақ, «olimp.com» сайты арқылы бәсті қарап, ақшаны банк карталары арқылы аудара алады. Алайда, әлі жұмыс істеп тұрған сайт («Olimp.com» – авт.) Қазақстанда емес, АҚШ-та тіркелген. 2002 жылы АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Скотсдейл қаласында тіркелген букмекерлік мекеме өзге елдерден түскен табыс салығын да Америкаға төлеп келеді.

«Шетелдік букмекерлік сайтты бұғаттамаса, ол Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп тұра береді. Жалпы, жұмысты оңтайландыру үшін көптеген конфигурациялар бар. Қиялыңның жеткенінше түрлі жолдармен ұтыс тігуді ашуға болады. Бұрынғы бренд атауынан басқа ставкаларды өткізуге лицензиясы бар компаиялар тіркеу арқылы да жұмысты жалғастыруға болады. Себебі, құқық қорғау органдары қозғаған іс осы ұйымдарды басқаратын заңды тұлғаларға қатысты қозғалған», - дейді заңгер Бадри Шаинидзе.

Заңгерлер басына қара бұлт үйірілген букмекерлік кеңсе жұмысын жалғастырудың бірнеше жолында айтты. Дәл қазіргі сәтте заңды тұлғалар сот актілерімен мұлдем келіспейді. «Олимп»-тің заңгерлері Жоғарғы сотқа шағымданбақ. Қазір «Олимптің» ресми сайтында «2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап Olimp.kz Қазақстанда лицензиясының тоқтатылуына байланысты бәс қабылдай алмайды. Мұндай шешім қабылданғаны өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және одан әрі де осы бағытта жұмыс істегіміз келген» делінген. Букмекерлік кеңсенің өкілдері апелляциялық сотта жеңілген соң компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотты ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін «Onlybet» пен «Alpha-bet» букмекерлік кеңселерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарып, 757,5 мың және 2 миллион 525 мың теңге көлемінде айыппұл салып, лицензияларын 6 айға тоқтатты. Алайда аталған мекеменің мүддесін қорғаушы адвокат Гаухар Сәлімбаева жуырда Жоғарғы сотқа шағымданатындарын хабарлады.

«Қалай болғанда да, бұл уақытша құбылыс. Заңды тұлғалар мұндай сот актісімен келіспейді. Болашақта тағы шағымдануға мүмкіндігіміз бар. Біз сот актісін әлі алған жоқпыз. Сот актісін 5 жұмыс күннің ішінде түпкілікті түрде алғаннан кейін, Жоғарғы сотқа шағымданамыз. Біз өз заңымызға сәйкес барлық шараларды әлі толық пайдаланған жоқпыз», - деді адвокат Гаухар Сәлімбаева.

Ал спорт шолушының айтуынша, бүгінде басына бұл төнген букмекерлік кантораның 800 мыңдай «киленті»  болған. 

«Қазір «Олимп» әлсіреді. Осыдан соң «ойыншылар» басқа букмекерлік кеңселерге кетеді.  Басқалармен салыстырғанда бұл компанияда онлайн бәс тігу ыңғайлы еді. Бірақ, елде бір «Олимпті» жабумен жұмыс бітпейді. Өзгелерін де тексеріп, санын азайтып, жабу керек. Букмекерлік кеңселердің көбі ломбардтарды да «асырап» отыр. Өйткені бәс тігіп, құмарға салынғандар ақшаны ломбардтан алады.  Ұтыстан гөрі ұтылу көп жерде отбасылық кикілжің болады. Бірақ,билік «Олимпті» елдің тұрмыс жағдайын ойлағаннан емес, ең алдымен салықтан жалтарды деп жауып жатыр. Елдегі ең көп салық төлейтін мекемелер - осы букмекерлдік кеңселер. Бірақ, салықтан түсетін пайдадан бұрын халықтың құмар ойынға әуестігін азайту керек», - деді Рауан Оқас.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы