ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Экс-депутат Камал Бұрханов өмірден озды

Марқұм екі жыл сырқаттанған

Қаралы хабарды сенатор Мұрат Бақтиярұлы Facebook-гі парақшасында жариялады.

«Жалған өмір-ай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай, Камал аға!»,- деп жазды Мұрат Бақтиярұлы.

Камал Низамұлы Бұрханов 1954 жылы Өзбекстанның Ташкент облысында туған. Ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы (1997), профессор(1997). Ташкент университетін (1977), Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін (2003) бітірген. 1977 – 78 жылдары Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде ғылыми қызметкер, 1978 – 79 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға лаборант, 1979 – 2002 жылдары ҚазМУ- доцент, профессор, деканның орынбасары, тарих, философия және саясаттану факультетінің деканы. 2002 – 2004 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы, 2004 – 06 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде бас эксперт, 2006 – 07 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.

2007-2011 жылдары - ҚР IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.