$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 11:03
Қоғам

Маңғыстауда пара алған шенеунік сотталды

Ол шетелдіктерге жұмыс визасын беру үшін 500 доллар алған

Маңғыстауда пара алған шенеунік сотталды

Маңғыстау облысының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы парақорлық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының «Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ шетел жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Б.А.Көшімоваға қатысты пара алды деген күдікпен тергеу жүргізді», - делінген хабарламада.

Ол облыс аумағында еңбек етуге шетел азаматтарына кедергісіз жұмыс визасын беру және ұзарту үшін шетелдік компания өкілінен 500 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Көшімова пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 698 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкімге шағым жасалмай заңды күшіне енді.                    

Серіктес жаңалықтары