$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2022, 01:27
Қоғам

«Қазақстан халқына» қорына өтінімді онлайн беруге болады

Қор қиын жағдайға душар болған отбасыларға қол ұшын созады

«Қазақстан халқына» қорына өтінімді онлайн беруге болады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ешкімге үй сатып алмайды және банктердегі несиелерді өтемейді. Қор қиын жағдайға душар болған отбасыларға қол ұшын созады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған қор төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева мәлім етті.          

«Жалпы, өтінімдердің бәрі күн сайын мұқият қаралады. Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жолға қойылды, олар 5 наурызға дейін жергілікті жерлерде де қандай отбасыларға көмек керек екені туралы өз ұсыныстарын беруі тиіс. Өтініштердің барлығын қарастырып, қорытындысын айтамыз», - деді спикер.  


Сонымен қатар Ләззат Чинкисбаева қазақстандықтарды үйде интернет болса, ешқайда бармай-ақ смартфон немесе компьютер арқылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының сайтында өз өтінімін бере алатынын атап өтті. Бұл ретте ол дұрыс толтырылмаған өтінімдерді қарауға уақыт көп жұмсалатынын айтып, мұқият болып, жалпы жағдай туралы егжей-тегжейлі жазуға шақырды.

 
Серіктес жаңалықтары