$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.01.2022, 06:34
Қоғам

Халық Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр

Қылмыскер сот үкімі бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Халық Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр
Фото ашық дереккөзден

Халық Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерге қатысты петиция ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Олар қылмыскерге шығарылған үкіммен келіспейтінін білдіріп, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді талап етіп отыр.

Қазақстандықтар Аяжанды өлтірген қылмыскер үшін шығарылған үкім тым жеңіл деп санайды. Осыған байланысты олар әлеуметтік желіде петицияға қол жинауға кірісті.

«Біз қылмыскердің өмір бойына бас бостандығынан айырылуын талап етеміз. Сот әділ үкім шығаруы тиіс! Прокуратура біздің наразылығымызға жауап беріңдер! БАҚ өкілдері құлақ асыңдар», - делінген петицияда.

Қазіргі уақытта аталған құжатқа 116 қазақстандық қол қойды.

Еске сала кетейік, 19 жасар Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірген Түркістандық 27 жастағы Рахманберді Төребековке сот үкімі шыққан болатын. Қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары