$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2021, 07:41
Қоғам

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды

Оларға баспана алу үшін  «Науан Хазірет» мешіті халықтан 1 жарым ай жылу жинаған

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының Шортанды ауданында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды, деп хабарлайды  24.kz  арнасы.

Елордада орналасқан су жаңа пәтердің сертификатын облыс имамы табыстады.

 «Науан Хазірет» мешіті халықтан 1 жарым ай жылу жинаған. 14 млн теңгенің басым бөлігі үй алуға жұмсалса, 4 млн теңгесі өрттен зардап шеккен тағы бір отбасы мүшелерінің ем-домына берілді.

Естеріңізде болса, Шортандыда болған апаттан 4 отбасы зардап шеккен еді. Үшеуіне әкімдіктен үй берілетін болды. Ал мемлекеттік көмектен тыс қалған отбасын ел осылай далада қалдырмады.

 «Біз баспана әперуді ұйғарған отбасы оларға Үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейді. Неге? Өйткені олар сол өрт болған үйге қонаққа келген отбасы және сол оттың зардабынан отбасының ата-анасы қайтыс болды. Балалар жетім қалды», - деді облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит.

 

Серіктес жаңалықтары