$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2021, 05:48
Қоғам

Шығыс Қазақстанда мемлекетке 146 млн теңге шығын келтірген бұрынғы шенеунік сотталды

Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды

Шығыс Қазақстанда мемлекетке 146 млн теңге шығын келтірген бұрынғы шенеунік сотталды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда Риддер қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Қуат Мұхамедчинов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен істес болған екі азаматқа да үкім шықты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Экс шенеунікке «электр желісі құрылыс нысанын салу кезінде» мемлекетке 146 миллион теңгеге жуық шығын келтірді деген айып тағылған еді. Бұл электр желісі Риддерден Батыс Алтай қорығына дейін тартылу керек болған.

Сол кездегі шенеунік мердігер кәсіпорынның істемеген жұмыс актісіне қол қойып, қабылдап қойған. Салдарынан қыруар қаржы мердігерге өтіп кеткен. Актіде көрсетілген құрылыс материалдары шын мәнінде жоқ болып шыққан.

Риддерде өткен алғашқы сотта айыпталушылар ақталған еді. Дегенмен облыстық сот шешімі қарама қайшы болып шықты.

 «Олар ендігі орта қауіпсіздіктегі түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Электр желісі салынбады, ал қаржы талан-таражға түсіп кеткен. Алғашқы сотта дәлелдер тиісті деңгейде ескерілмеді. Дегенмен облыстық сот оның барлығын түзеп, барлық дәлел-дәйекті айқындады. Сотталушылар енді жоғарғы сотқа шағымдана алады», - деді облыстық соттың судьясы Әділ Бакин.

 

Серіктес жаңалықтары