$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2021, 11:26
Қоғам

Павлодар облысында аудан әкімдігі көпбалалы анамен соттаспақ

Әкімдіктің айтуынша, 7 баланың анасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

Павлодар облысында аудан әкімдігі көпбалалы анамен соттаспақ

Павлодар облысында әкімдік 7 баланың анасын сотқа бермекші, деп хабарлайды Астана арнасы.

Арнаның хабарлауынша, атқамінерлер» көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды» деп айыптап, 670 мың теңге жәрдемақыны кері қайтаруды талап етуде. Ал мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық келіншек қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз.

Көпбалалы ана 3 жыл бұрын әр баласына мемлекеттен 21 мың теңге алғанын мойындайды. Әкімдік мүгедек баласына алатын қаражатты жасырдың деп жазғырған. Әкімдік оны сотқа бермекші. Өйткені, атаулы әлеуметтік көмек аларда табысын жасырған деп айыптап отыр. Ал көпбалалы ана болса, кірісін жасырмағанын айтып, безек қағады.

 «Неге бізді аямайды? Мүгедектерге неге қамқорлық жасамайды? Менің кінәм не сонда? Осылай зар жылап отырған адамды «білмеді, көрмеді, өтірік айтады» дейді. Мен қалай өтірік айтамын мына түріммен отырып. «Мына мүгедек қыз үшін сенің отбасыңа табыс кіріп отыр» дейді. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын», - дейді 7 баланың анасы Сайрагүл Молдабайқызы.

Айтуынша отбасының жалғыз кірісі, ол мүгедек баласы мен күйеуіне берілетін болмашы жәрдемақы ғана. Мойындарына қарыз қылып қойған 670 мың теңгені төлеуге шамасы келмейтінін айтады. Осыдан 2 жыл бұрын да бұл мәселені көтерген болатынбыз. Ол кезде әкімдік өкілдері қарызды демеушілер көмегімен жауып береміз деп те уәде берген еді. Алайда уәделерінде тұрмаған.

«Бұл кісі жұмыс істедім деп айтқан жоқ. Бала күтімімен жүрдім деді. Түсініп отырмыз. Оңай емес. Сондықтан мен де сізге айтып отырмын. Демеушілік тарапынан  көмек көрсетілді. Әлі де көрсетеміз», - дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.

 Ал заңгер Камиша Есмұхамедқызы әкімдіктің әрекеті заңсыз деп бағалайды. Өйткені шенділер өздері жіберген қателіктің салдарынан ортайған қазына қаржысын толтыруды ғана ойлап отырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары