Қайта вакцинациялау науқанына кірісу керек – Тоқаев
Коронавирустан күн сайын 30-ға жуық адам қайтыс болады
Екібастұз қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Күн сайын 30-ға жуық адам қайтыс болады. Мұның бәрі вакцинация қарқынының төмендеуі нәтижесінде болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40%-ды құрады.
Көптеген елдер халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды ескерсек, қайта вакцинациялау уақыты бізге де келді. Үкімет пен әкімдер халықты қайта вакцинациялау науқанына кірісуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі ревакцинация нормативтерін белгіледі. Оның басталуы 2021 жылдың қараша айының III онкүндігіне жоспарланған.