19.10.2021, 07:31
Қоғам
Қылмыскердің ұлтын көрсеткен БАҚ-ты жазалау ұсынылды
Мұндай ұсынысты Дағыстанның министрі көтерді
Фото ашық дереккөзден
Дағыстанның ұлттық саясат және дін істері министрі Энрик Муслимовтің айтуынша, өз материалында қылмыскердің ұлтын көрсеткен ақпарат құралы заң алдында жауап беруі тиіс. Министрдің мұндай ойға келуіне Мәскеу метросындағы оқиға себеп болған. Бұған дейін ақпарат құралдарында Мәскеу метросында Солтүстік Кавказ республикасында туып-өскен үш адамның жас жігітті соққыға жыққаны туралы жазылған болатын. Муслимов нақты бір адамдар жасаған қылмыс үшін тұтас ұлтты атаудың дұрыс еместігін алға тартады.
«Қылмысты қандай да бір өңірдің бір ұлт өкілі жасады деу дұрыс емес. Кез келген заңға қайшы әрекетке барған адам қылмыскер, ал қылмыскердің ұлты болмайды», - дейді Энрик Муслимов.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты