Ақтөбеде вакцина алмастан қызмет еткен жұмысшылар анықталды
Мониторингтік топ коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған жұмысшыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде
Ақтөбе облысында мониторингтік топ вакцинация жұмыстарын, оның ішінде вакцина салдырмаған жұмысшылардың еңбекке араласу тәртібін қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Талап бойынша жұмысшының ең болмағанда вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын растайтын құжаты болуы тиіс.
«Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына екі компанияның қызметкеріне қатысты материал келіп түсті. Мониторингілік топ вакцина салдырмай, жұмыс істеп жүрген екі жұмысшыны анықтады. 11 қазан күні материал түскенін растаймыз. Ал шара қабылдау туралы жаңа Қаулы 16 қазан күні күшіне енді. Сондықтан оларды жауапқа тарта алмадық», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.