«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаевтың еңбегі жайлы айтты
Ол өз сөзінде тарихи үрдістерге әділ баға беруіміз керек екенін айрықша атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық. Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік», – дейді президент.
Ол өз сөзінде тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек екенін айрықша атап өтті.
«Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.