$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2019, 14:32
Қоғам

Алматылықтар мен ТЖД қызметкерлері қайырымдылық шарасына белсене қатысты

Қазақстандықтар әуе апатында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға жұмыла атсалысып, көмек көрсеткен

Алматылықтар мен ТЖД қызметкерлері қайырымдылық шарасына белсене қатысты
Фото: Алексей Курапов

Қазақстандықтар, оның ішінде Алматы тұрғындары 27 желтоқсан күні Алматы облысында болған әуе апатында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға жұмыла атсалысып, көмек көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де қан қажет екенін естіп, игі істен шет қалмаған.  ​

«Қажетті қанды тапсыру ұжымдық түрде ұйымдастырылды. Қан тапсыру орталығы ТЖД ғимаратына жақын жерде орналасқан. Сондықтан бәрі жедел түрде өтті. Қала тұрғындарымен бірге ТЖД-ның 78 қызметкері қан тапсырды. Қан тапсыруды азаматтық қана емес, кәсіби борышы деп санады», — деді кадр саясаты бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау майоры Айбек Әлімғожаев.

Естеріңізге сала кетсек, 27 желтоқсанда таңғы сағат сегізден бастап Алматы қаласы ТЖД-да шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «шұғыл желі» ашылған еді. Сол сәттен бастап 90 қоңырауға жауап берілген. Телефон нөмірлері ҚР ІІМ ТЖК және Алматы қаласы ТЖД сайттарында жарияланды. «Жедел желінің» телефон нөмірлері: Алматы қалалық ТЖД: 278-20-83, 278-20-84.

Серіктес жаңалықтары