28 желтоқсан – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсіріліп, мерекелік кештер мен ойын-сауық бағдарламалары кейінге шегерілді

Бүгін, яғни 28 желтоқсан – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні.
27 желтоқсан күні Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы қазақстандықтардың қаза болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күнді қаралы күн деп жариялаған болатын.
Бүгін еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсіріліп, мерекелік кештер мен ойын-сауық бағдарламалары кейінге шегерілді. Тағы бір айта кетерлігі, заң бойынша ұлттық аза тұту күні аяқталғанша электронды БАҚ-та жарнамаға тыйым салынады, мәйіттің, қанның суретін жариялауға болмайды.
Айта кетсек, 27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан «Бэк эйр» әуекомпаниясының №Z2100 рейстегі Fokker-100 ұшағы бетон ғимаратқа соғылып, апатқа ұшыраған болатын. Ішкі істер министрлігі қаза тапқан 12 адамның аты-жөнін жариялады.