$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2021, 14:15
Қоғам

Қазақстанда республикалық Әкелер апталығы басталды

Іс-шараға белгілі білім саласының мамандары, отбасы эксперттері қатысады

Қазақстанда республикалық Әкелер апталығы басталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Бала тәрбиесінде әкелердің орыны айырықша екені даусыз. Бүгінгі қоғам өркениетке қадам басқан сайын бала болашағына қамқор әкенің орыны жайлы талай мінберден айтылып та келеді. Осыған орай дәстүрлі түрде өтетін «Әке жолы - ізгі жол» атты республикалық Әкелер апталығы басталды.

Бұл ауқымды шара тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне әкелердің қосар үлесін тағы бір нығайтуды мақсат тұтады. Іс-шараға белгілі білім саласының мамандары, отбасы эксперттері және басқа да айтары бар қоғам қайраткерлері қатысып, ой бөліспек. Апталық онлайн және офлайн форматта өтеді.

Өтетін уақыты: 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығы.

Ұйымдастырушылар: 

  • «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі;
  • «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
  • «БІЛІМИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесі;
  • «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығы.
  • Өтетін форматы: Тыңдаушыларға Онлайн. Youtube платформасы, «Senimen bolashaq»
  • аккаунты.

Өткізілу тәртібі:

1 күн - 27.09.2021ж., 15:00-17:00, Нұр-Сұлтан қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9, «Достық үйі» - Ашылу салтанаты (қатысушылар офлайн, тыңдаушылар онлайн форматта). Ашылу салтанатына қатысушылар:

  • Шолпан Каринова, Білім және Ғылым вице-министрі;
  • Шахмардан Байманов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы;
  • Назипа Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесі төрайымы;
  • Дархан Өте, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры президенті;
  • Тимур Нуркешов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры;
  • Қуаныш Молдабек, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің кеңесшісі;
  • Баян Ахатай, «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі жетекшісі;
  • Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы;
  • Ғалымбек Бермағанбетов, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2 күн - 28.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) - тренингтер;

3 күн - 29.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) - Үлгі әкелер кеңесі презентациялары;

4 күн - 30.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, zoom). - Әкелер арасында интеллектуалдық сайыстар;

5 күн - 01.10.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы. - Жабылу салтанаты. (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.)

Байланыс телефоны: +77079514748 Нуртазина Еркежан Нуржановна

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әкелер #апталық